Қылмыс

Петропавлда үш жасар мүгедек қызын ұрып өлтірген келіншек сотталды

  • Петропавлда үш жасар мүгедек қызын ұрып өлтірген келіншек сотталды

    Петропавлда үш жасар мүгедек қызын ұрып өлтірген келіншек сотталды

Мүгедек қызын сабап өлтірген петропавлдық келіншек сотталды. 22 жастағы тұрғын бұл әрекетке не үшін барғанын айтпады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға ақпан айында орын алған. 22 жастағы келіншек үш жасар мүгедек қызын аяусыз ұрып-соғып тастаған. Бүлдіршін жансақтау бөлімінен бір-ақ шығып, бір жарым айдан кейін жан тәсілім етті. Прокурорлар сөзінше, анасы бұған дейін қызын ұрған. Бұған қоса, айыпталушы сал ауруына шалдыққан қызын өздігінен жүруге мәжбүрлепті. Бірақ жүре алмағаны үшін соққыға жыққан. 

 
Келіншек қызын некесіз туып, артынша балалар үйіне өткізіп жіберген. Алайда кейіннен баланы айыпталушының туыстары бағып алып, кейін анасы өзіне қайтарыпты. Бұған  баланың мүгедектігіне берілетін жәрдемақы себеп болыпты. 

"Голошова мүгедек қызын төсекке сүйеп тұрғызып, баланың желкесінен оң қолмен ұрып, өмірлік маңызы бар органын зақымдаған. Ал сол қолымен бүлдіршіннің оң иығынан ұрып, ол еденге басымен құлаған. Содан есінен танған", – дейді мемлекеттік айыптаушы Юлия Сысоева. 

Еске салсақ, бұған дейін Петропавлда анасы сабап тастаған үш жасар қыздың көз жұмғаны айтылған еді. 




Көрілген: 609    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 00:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31