Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Петропавлдағы құбырдың құлауы: Міндетін адал атқармады деген күдікпен "Севказэнерго" АҚ бас директоры ұсталды

03 сәуір 2022, 12:04

Петропавлда "Севказэнерго" акционерлік қоғамының бас директоры ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"1 сәуірде ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ОҚО ПД қызметкерлері "Севказэнерго" АҚ бас директорын ұстады және Петропавл қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамады. Қылмыстық істі тергеу ішкі істер министрлігі, прокуратура және полиция басшылығының бақылауында", - деді полиция.

"Севказэнерго" АҚ бас директоры 48 жастағы Михаил Косачев. Өзінің еңбек жолында Косачев Нұр-Сұлтан және Көкшетау қалаларының кәсіпорындарында әртүрлі басшылық қызметтерді атқарған. Энергетика саласында 2015 жылдан бері жұмыс істейді.

2021 жылдың 31 тамызынан бастап "Севказэнерго" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен "Севказэнерго" АҚ бас директоры қызметіне тағайындалған.

Бұған дейін Петропавлда 20 наурызда мұржа опырылып, жылу электр орталығының қызметкері үйінді астында қаза тапқан оқиғадан соң ЖЭО-2-нің директоры мен бас инженері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді. Олардың ісі ҚР қылмыстық кодексінің 254-бабы (Міндеттеріне адал қарамау) бойынша тергелуде.

Еске салайық, 20 наурызда Петропавлдағы ЖЭО-2-де мұржа опырылып түскен еді. Құбырдың сынықтары қазандық орналасқан цехқа түсіп, бірнеше қазандық қондырғысын істен шығарған.

Оқиға салдарынан 1984 жылы туған әйел жылу электр орталығының жұмысшысы үйінді астында қалып қойып, қаза тапқан. Оның 15 жасар баласы бар. Жолдасы да жылу электр орталығында жұмыс істейді.

Петропавл тұрғындары мен қоса кейбір жылу электр орталығының қызметкерлері төтенше жағдайдың ескертулері қайғылы оқиғаға дейін болып тұрғанын айтқан. Алайда төтенше жағдай орнына келген "Орталық Азия электрэнергетикалық корпорациясы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебанов мұның оқыс оқиға екенін айтып, сендірген.

№1 түтін құбыры 1961 жылы пайдалануға берілген. Құбырды күрделі жөндеу 2017 жылы аяқталды, ал тексеру, ережеге сәйкес, бес жылда бір рет жүргізіліп тұрады. Осыған сәйкес жөндеу жұмыстары келесі жылы жүргізілуі қажет еді.

Өткен сейсенбіде өткен облыстық қоғамдық кеңес отырысында Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов Петропавлдағы 2-ЖЭО-да опырылған құбырдың орнына жаңа құбыр 2023 жылдың соңына қарай салынатынын мәлімдеді. Сондықтан келесі жылыту маусымында ЖЭО үш емес, екі құбырмен жұмыс істеуіне тура келеді.