Қылмыс

Полицей параны банк карточкасына аударуды талап еткен

  • © kolesa.kz

    © kolesa.kz

Қызылордада көлік жүргізушісінен параны банк карточкасына аударуды талап еткен полиция қызметкері жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Аталмыш қылмыстық іс Қызылорда қаласының № 2 сотында қаралды. Оның үстінен жәбірленуші М. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментіне арызданған.


Жәбірленушінің айтуынша, ол өзінің басқаруындағы автокөлігімен досы екеуі жеке шаруасымен «Атамекен» сауда орталығына келеді. Ол Қызылорда қаласындағы Пушкин көшесімен бір бағытқа жүруге арналған жол талабының белгісін байқамай қалған. Сол уақытта соңынан полиция қызметінің қызметтік автокөлігі келіп, бір бағытқа арналған жолға көлікпен қарсы келгенін ескертеді. Жол ережесін бұзғандығы үшін автокөлігіне отырғызып алады. Жасалған әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасап тұрғанын назарға салады. Бұл үшін жүргізу куәлігінен айыру жазасы көзделгенін айтуды да ұмытпайды. Жәбірленушіден жүргізу куәлігінен айырмау үшін 30 мың теңге талап еткенін емеурінмен білдіреді.


Дегенмен көлік жүргізуші М. аталған ақша қаражатына мүмкіншілігінің жоқтығына байланысты 2 мың теңгені полиция қызметкері Б-ның қолына ұстатады.


Аталмыш қаржыны мардымсыз көрген полиция қызметкері одан бөлек өзінің ЖСН нөмерін беріп, банк карточкасы арқылы 7 мың теңге салуды міндеттейді.


Жәбірленушінің арызы негізінде сотталушы Б-ның іс-әрекеттеріне жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-бөлігімен іс қозғалды.


Бұрынғы тәртіп сақшысы қызметінен босатылып, полиция лейтенанты шенінен айырылды. Оған параның 50 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл тағайындалды.


Айыппұлдың жалпы көлемі 450 мың теңгені құрайды.


 




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.05.2019, 09:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30