Қылмыс

Полицей көзінің күйгеніне қарамастан ұрыны құрықтады

  • © Sputnik / Жоомарт Ураимов

    © Sputnik / Жоомарт Ураимов

Степногор қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкері көзіне бұрыш спрейі шашырағанына қарамастан ұрылардың бірін қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрыны қылмыс үстінде ұстау көршілердің қырағылығының арқасында жүзеге асырылды.

 

Бұл туралы мамырдың 28-інде Степногор қалалық ПБ басқармасының кезекші бөліміне хабарланды. Онда тұрғын үйдің кіре берісінде күдікті адамдардың жүргені айтылған.

 

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшыларын көрген қылмыстық топ мүшелерінің бірі полицейдің бетіне бұрыш спрейін шашып жіберді. Алайда, көзінің күйгеніне қарамастан, полиция қызметкері жедел-тергеу тобы келгенге дейін бір қаскүнемді ұстады», - деді ведомстводан.

 

Күдікті «пәтер ұрысы» ретінде есепте тұрған Көкшетау қаласының 37 жастағы тұрғыны болып шықты.

 

«Қаскүнемнің екі сыбайласы қашып кетті. Қазіргі уақытта олардың орналасқан жері анықталуда. Бұл жолы күдіктілер көп қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен алтын бұйымдар мен 300 мың теңге көлемінде ақша ұрламақ болған», - деп толықтырды ведомстводан.

 

 

 




Көрілген: 457    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.06.2021, 18:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31