Қылмыс

Полицей терминалға ақша төлеп тұрған ер адамды қағып өлтірді

  • Нұрлан Жүнісов.   © ktk.kz/

    Нұрлан Жүнісов. © ktk.kz/

Полиция қызметкері тағы да жол апатын жасады! Жылдамдықты шамадан тыс асырған шенді тәртіп сақшысы Бурабайға кіре берісте адам қағып кеткен. Төлем терминалына барып, жолақысын төлеп тұрған кісі сол жерде жан тәсілім етті. Соққының қатты болғаны сонша, марқұм 40 метрдей ұшып, денесі бөлшектеніп кетіпті. Ал полицей оқиға орнынан із суытқан.

 

Нұрлан Жүнісов таңертеңгісін Макинск қаласына іс-сапарға кеткен. Ол Көкшетаудағы электр желілері торабында бағаналар таситын жүк көлігінің жүргізушісі. Жолда көліктен түсіп төлем терминалына жол ақысын төлемек боп жақындағанда, жүйткіген көлік кеп соққан.

 

Маржангүл Нүкенова, марқұмның қызы:

 

- 40-43 метрге ұшып кеткенін айтты. Ұшқаны соншалық, Щучьеде соққаннан кейін тоқтамаған, ары қарай кетіп қалған. Мас болған, мас болған дейді, иә.

 

«Мұсылмандық жолмен шаңырағында бір түнетіп, арулап барып жерлей алмадық» - деп өкінеді туысқандары. Өйткені марқұмның денесі бөлшектеніп қалған, мәйітханадан әкеле есік алдынан жөнелткен.

 

Ал оқиға орнынан қашып кеткен Макинск қалалық желілік полиция бөлімшесінің бастығы екен. Басшылары оны қызметінен шығарып үлгеріпті.

 

Ләззәт Қасымжанова, ҚР ІІМ Көліктегі ПД баспасөз хатшысы:

 

- Көліктегі полиция департаменті бастығының ағымдағы жылғы 27-мамырдағы бұйрығымен Макинка станциясындағы желілік полиция бастығы, майор Роллан Қанғожин ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар Көкшетау станциясының желілік полиция бөлімінің бастығы атқарып отырған лауазымынан босатылды.

 

Жол апатын жасап адам өліміне себепші болған бөлімше бастығының бұл әрекетіне департаменттің басшы құрам санатындағы бірнеше қызметкерді де тәртіптік жауапқа тартқан.

 

Қазір полиция майоры қамауға алынып, «Жол ережесін өрескел бұзу» бабымен тергеліп жатыр. Ал оқиға орнын қашып кеткені туралы бір ауыз сөз жоқ.

 

ktk.kz

 




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 11:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31