Полицейлер 40-қа жуық жылқы ұрлаған қылмыскерлерді ұстады

16 маусым 2022, 14:57

Полицейлер ақмолалықтардың 40-қа жуық жылқысын ұрлаған қылмыскерлерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 
 
 
10 маусымда жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Ерейментау ауданы Байсары ауылының тұрғындарына тиесілі 36 бас жылқы ұрлығы бойынша күдіктілер ұсталды. Шығын сомасы 17 млн 750 мың теңгені құрады.  

Жамбыл облысының тұрғындарынан және жақын шетелдің тумасынан тұратын 31-36 жас аралығындағы қылмыстық топтың айыпталушылары қамауға алынды.

Полиция қызметкерлері қаскүнемдер түнгі уақытта еркін жайылып жүрген малды жүк газеліне, сондай-ақ Scania тіркемесі бар фураға тиеп, жануарларды Жамбыл облысы Байзақ ауданының аумағына жеткізгенін анықтады.

 Кейін күдіктілер жылқыларды жергілікті “АСА-ЕР” базарында сатқан. Аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімі ҚР ҚК 188-1-бабының 4-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

BAQ.KZ