Қылмыс

Полицейлер киік мүйізінің ірі партиясын тәркіледі

  • Полицейлер киік мүйізінің ірі партиясын тәркіледі

    Полицейлер киік мүйізінің ірі партиясын тәркіледі

Нұр-Сұлтан қаласының ПД қызметкерлері киік мүйізінің ірі партиясын тәркілеу бойынша арнайы операция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде киік мүйізінің ірі партиясын сату кезінде қылмыстық топ ұсталды. Арнайы операция Қарағанды облысы ПД-мен бірлесе жүргізілді.

Олар 55, 52 және 44 жастағы екі елорда және бір Қарағанды облысының тұрғындары болып шықты. Нұр-Сұлтанда тұратын олардың екеуі елордадан киік мүйіздерін сату нарығын іздеп, кейіннен Қарағанды облысының аумағында сатпақшы болған. Ұстау кезінде 293 дана мүйіз тәркіленді (ірі партия). Мемлекетке алдын ала келтірілген шығын көлемі шамамен 500 миллион теңгені құрайды.

Күдіктілердің тұратын жері мен олардың байланыстарының алты мекен-жайы бойынша бір уақытта тінту жүргізіліп, айғақ заттар мен дәлелдемелер алынды. Сонымен қатар, есірткі заттары тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 393-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде.




Көрілген: 323    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.04.2021, 13:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31