Қылмыс

Полицейлер үйдің кіреберісінде әйел зорламақ болған ер адамды анықтады (видео)

  • © CC0

    © CC0

Шымкентте үйдің кіреберісінде зейнеткер әйелді зорламақ болған ер адам әлі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

 

Оқиға 17 желтоқсан күні болған. Еңбекші аудандық полиция басқармасына сағат 23:15-те қарт әйелге көмек керек деген шақырту түсті.

 

"Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы үйдің кіреберісінде белгісіз біреу 1950 жылы туған әйелді зорламақшы болғанын анықтады", - делінген хабарламада.

 

Қабылданған шаралардың арқасында күдіктінің кім екені анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны. Бұған дейін бірнеше рет сотталған.

 

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-тармағы, 120-бабы 1-тармағы (зорлауға әрекет ету) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.

 

Полиция қазір күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

 

 

Еске салсақ, Шымкентте үйдің кіреберісінде ер адамның әйелді есінен тандырып, оны зорламақ болып жатқан әрекеті видеоға түсіп қалды. Бұл туралы "Не молчи KZ" қоғамдық қоры хабарлады.

 

Видеодан подъезге кірген ер адамның әйелді артынан келіп буындырып, есінен тандырғанын көруге болады. Одан кейін қаскөй әйелдің шалбарын шешуге ұмтылады, осы жерден бақылау камерасына түсірілген видео үзіледі.

 

 

 




Көрілген: 435    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.12.2020, 13:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31