Қылмыс

Полицейлерді соққыға жыққандар қамауға алынды

  • © Total.kz

    © Total.kz

Оралдық полицейлерге шабуыл жасаған күдіктілердің барлығы қамауға алынды. Қазір оларға билік өкіліне күш қолданғаны үшін айып тағылды.

 

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлағандай оқиға кеше болған. Бөрлі - Орал тас жолының бойында облыстық патрульдік полиция батальонының инспекторлары ресейлік көлікті тоқтатады. Бірақ бұйрыққа бағынбаған көлік жүргізушісі жол бойындағы ауылға бұрылған. Кейін көліктің ішінен 8 адам шығып, тәртіп сақшыларын бас салған.

 

Әлия НАУРЫЗҒАЛИЕВА, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

 

- Полиция тоқтатқан ресейлік көліктен шыққан 8 мас адам полицейлерге оқыс шабуыл жасаған және дене жарақатын салған. Жедел шаралар барысында барлық күдіктілер анықталып, ұсталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 380-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір олардың бәрі де қамауға алынды.

 

Екі тәртіп сақшысын соққыға жыққан тентектер облыс тұрғындары болып шықты.

 

Жалпы жыл басынан бері полиция талабына бағынбағаны үшін 17 адам жауапқа тартылыпты.

 

astanatv.kz

 




Көрілген: 333    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.05.2020, 00:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31