Қылмыс

Полицейлерден қашқан көлік жүргізушісі жол жиегіндегі арыққа түсіп кетті

  • Полицейлерден қашқан көлік жүргізушісі жол жиегіндегі арыққа түсіп кетті

    Полицейлерден қашқан көлік жүргізушісі жол жиегіндегі арыққа түсіп кетті

Қызылордалық полицейлер мас күйде көлік жүргізген ассенизатор жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.​

 

30 мамыр күні республикалық маңызы бар “Самара – Шымкент” тасжолының 1907 – 1957 шақырымы аралығында Қызылорда облысы Полиция департаментінің жылжымалы патрульдік бекетінің қызмет атқару барысында сағат 07:00 шамасында ГАЗ 53 маркалы автокөлігі (ассенизатор көлігі) жолдың қарсы бетіне шығып, полиция қызметкерлерінің тоқтату заңды талабына бағынбайды. Полицейлерден қашқан көлік жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінен шығып кетіп, жол жиегіндегі арыққа түсіп, тоқтайды.

 

Полиция қызметкерлері дереу көліктің артынан жүріп, жүргізушінің мас күйде екендігін байқайды. Ішімдік ішіп, көлік айдаған жүргізушіні полицейлер сараптамадан өткізу үшін Шиелі аудандық аурухананың наркологиялық бөліміне апарады.

 

Сараптама қорытындысына сәйкес, көлік жүргізушісі орта дәрежелі масаң күйде болғаны анықталды.

 

Сол жерде полицейлер 26 жастағы көлік жүргізушісі Қарауылтөбе ауылының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін) және 596-бабының 1-бөлігімен (көлік құралының жолдың жүріс бөлігіне қарама – қарсы бағытта шығуы) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ассенизатор көлігі айыптұрағына қойылды. Жинақталған құжаттар тисті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

 




Көрілген: 505    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 02:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31