Қылмыс

Полицейлерден құралған қылмыстық топқа қатысты жаңа деректер шықты (видео)

  • Видеодан кадр:

    Видеодан кадр: "Еуразия" бірінші арнасы

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінен құралған аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты жаңа деректер шықты. Ондаған адам ұзақ уақыт бойы Шығыс Қазақстан облысында алтын ұрлап келген деп күдіктелуде.

 

Атышулы істің мән-жайын "Еуразия бірінші арнасындағы" "Аналитика" бағдарламасының журналистері анықтаған. Олар оқиға орын алған Семейге барған.

 

Телеарнаның мәліметінше, Қазақстанның байлығын "Ора" лақап атымен танылған адам тонаған. Ол алтынды зауыттан тікелей ұрлайтын қылмыстық топ құрған.

 

"Ора" - олар негізін қалаушылар. Олар сонда басынан бастап жұмыс істейді. Олар нағыз олигархтар. Егер ол өзінің барлық активтерін ресми түрде көрсеткен болса, онда ол 5 секунд ішінде Forbes Қазақстанның алғашқы бестігіне енген болар еді!", - дейді ҰҚК-нің видеосына түсіп қалған ер адамдар.

 

Ұсталған адамның айтуынша, ол Семей ішкі істер органының есірткі бизнесі бөлімінің бұрынғы қызметкері. 2004 жылы жұмыстан шығарылған.

 

"2014 жылдан бастап алтын кенішін тонаумен айналыстым. Алтынды қара базарда биржа сомасынан төмен бағамен саттық. Түскен қаражатқа жылжымайтын мүлік сатып алдым. Бұл ғимараттар туыстарыма, көкеме рәсімделген. Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда қызымның атына рәсімделген бес пәтер бар", - дейді күдікті.

 

Тек алғашқы күні қолма-қол ақша тәркіленіп, 3 млрд теңгенің әртүрлі мүлігі бұғатталды. Олардың қатарында бизнес, сауда орталықтары, мейрамханалар, қонақ үйлер, спортзалдар, базарлар мен көлік жуу орындары, қымбат көліктер, пәтерлер мен коттедждердер бар.

 

"Мен және тағы үш адам еш кедергісіз аймаққа кіріп жүрдік. Осы ретте күзет тонау фактісін түсіріп алмау үшін бейнебақылау камерасын өшіріп отырды", - дейді келесі бір ұсталған адам.

 

Күдіктілердің бірінің сөзінше, қылмыстық топ ай сайын зауыттан 20 келідей алтын ұрлап отырған. Ал қылмыс жасауға атсалысқандар өзінің қарапайым қызметі үшін қазақстандықтардың орташа табысынан екі есе көп ақша алып отырған.

 

"Ұрлық жасау кезінде қарауыл бастығының қоңырауымен қақпаны ашып, адамдарды кіргізіп отырдым. Осы үшін 100 АҚШ долларын алдым", - дейді тағы бір күдікті.

 

Бұл қылмыс ұзақ жылдар бойы жасалып келген. Салдарынан зауыт банкрот болуға сәл-ақ қалған. 1200 семейлік жұмысынан айырыла жаздаған. Олардың отбасын қосқанда 5000-дай жанұя ас-сусыз қалуы мүмкін еді.

 

Алдын ала есеп бойынша ай сайын 500 млн теңге шығын келтіріліп отырған.

 

Телеарна тілшісі қылмыстық топқа жақындау оңай болмағанын атап өтеді. Өйткені, катарында арнайы дайындалған адамдары бар олар ұрлық құпия болып қалуы үшін қауіпсіздік шараларын барынша күшейткен.

 

Сонымен бірге, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері зауыттан 10 шақырым радиустағы жерлердің бәрін сатып алғаны айтылады. Олар жол көрінетін жердің бәріне тепловизор барлаушыларды қойған. Сондай-ақ ұрлыққа түскен сайын олардың жаңа телфондар мен сим-карталар сатып алып отырғаны белгілі болған.

 

Алайда ҰҚК қызметкерлері ІІМ бірлесіп, арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде қылмыстық топтың мүшелері ұсталған болатын.

 

 

 

Дереккөз: kaz.nur.kz




Көрілген: 722    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.04.2021, 18:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31