Қылмыс

Полиция Lexus LX 470 және Toyota Camry көліктерінің жолын жауып , 6 адамды ұстады

  • Сурет: Алматы қалалық ПД

    Сурет: Алматы қалалық ПД

Алматыда қалалық криминалдық полиция қызметкерлері Ішкі істер министрлігі Криминальдық полиция департаменті мен арнайы жасақтағы әріптестерінің көмегімен арнайы операция өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Сауда үйлерінің бірінің тұрағында полиция Lexus LX 470 және Toyota Camry көліктерінің жолын жауып , 6 адамды ұстады, оның төртеуі - бұрын сотталғандар.

 

Олардың арасында қарақшылық, тонау, бұзақылық, есірткі қылмыстары және заңсыз қару-жарақ айналымы үшін сотталғандар да бар. Үлкені - 33 жаста, кішісі - 25 жаста. Бірі - Түркістан облысының, қалғандары - Алматы облысының тұрғындары. Күдіктілердің және олардың көліктерін жекелей тінту кезінде екі Макаров, Наган және Марголин тапаншалары, тегіс ұңғылы екі шолақ мылтық, күзетке арналған травматикалық тапанша және оларға арналған оқ-дәрілер табылды. Сарапшының қорытындысы бойынша, тәркіленген барлық қару атуға жарамды, - деді Алматы қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбеков.

 

 

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы, 3 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Тергеу барысында тәркіленген әскери арсеналдың шығу тегі, кімге тиесілі екендігі, сондай-ақ оның кез-келген қылмысқа қатыстылығы анықталатын болады.

 

 

 




Көрілген: 1032    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 18:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31