Қылмыс

Полиция көлігінің үстінде суретке түскен алматылық жазаланды

  • Полиция көлігінің үстінде суретке түскен алматылық жазаланды

    Полиция көлігінің үстінде суретке түскен алматылық жазаланды

Алматыда белгісіз біреу полиция көлігінің үсітінде тұрып суретке түскен. Сурет әлеуметтік желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгісіз ер адам суреттерді әлеуметтік желіге жариялаған. Алайда құқықбұзушы тез арада анықталды. Хаттама толтырылғаннан кейін бұзақы сот алдында жауап берген.

Оның ісі Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. Құқықбұзушы ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша кінәлі деп танылды.

"Ер адам құқық қорғау органы қызметкерлеріне құрметсіздік көрсетіп, қызметтік көліктің үстінде тұрып суретке түскен. Суреттерді әлеуметтік желіде жариялады. Сот оны екі тәулікке қамау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты. Себебі оның әрекеттері қоғамдағы мінез-құлық нормаларын елемегенін және қоғамдық тәртіпті бұзғанын көрсетеді", - деді сот қызметкері.




Көрілген: 394    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 09:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31