Полиция қызметкері жүргізушіге аузына келгенін айтып, қол жұмсады

20 сәуір 2022, 18:30

Алматы облысында полиция қызметкері жүргізушіге былапыт сөз айтып, қол жұмсады. Тәртіп сақшысының әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр.


Жүргізушіге қол жұмсаған қызуқанды полицейді қасындағы серігі де тоқтатпады, деп хабарлайды Экспресс К.


Жол сақшыларының белгісіз ер адамға тап берген видеосы Instagram-дағы kris.p.original парақшасында жарияланды. Онда тәртіп сақшысының жүргізушіге аузына келгенін айтып, көкірегінен ұрғанын көруге болады.

Былапыт сөз жаудырған полицейді куәгерлердің бірі бейнежазбаға түсіріп алған. Әзірге кадрдағы адамдардың кім екені белгісіз. Экспресс К бұл жағдайды назарды ұстайды.