Қылмыс

«Полиция қызметкері» Қызылорда тұрғынының телефонын қолды етті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ Қызылорда тұрғынының ұялы телефонын иемденген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына алаяқтан зардап шеккен қала тұрғыны арызданды.

 

Айтуынша, түнгі уақытта қаланың орталық көшелерінің бірінде оған белгісіз бір азамат өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Одан кейін ол азаматтың «Samsung Galaxy A10» маркалы ұялы телефонын алдап алған.

 

«Полицейлердің жедел шарасы нәтижесінде көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол – бұрын сотты болған 23 жастағы облыс тұрғыны. Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда алаяқтық жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

жұма, 04.09.2020, 16:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31