Қылмыс

Пойызда адам зорлағаны үшін қылмыскерлерге неге 2,5 жыл берді: Сот пікір білдірді

  • Пойызда адам зорлағаны үшін қылмыскерлерге неге 2,5 жыл берді: Сот пікір білдірді

    Пойызда адам зорлағаны үшін қылмыскерлерге неге 2,5 жыл берді: Сот пікір білдірді



Сот пойызда адам зорлағаны үшін қылмыскерлерге неге 2,5 жыл бергенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқасілтеме жасап.


Сот пікір білдірді


Қостанайда "Тұлпар-Тальгода" болған зорлық оқиғасына байланысты екі жолсерікке сот шешім шығарды. Сот өзінің шешімін түсіндіріп берді. Ол сот отырысы жабық түрде өткізілгенін және сот шешімі әлі өз күшіне енбегенін ескертіп, журналистерге әлі нақты ештеңе айта алмайтынын жеткізген. 


"Үмбетәлиев пен Құрманиязовтың ісі ҚР Қылмыстық Кодексі 120-баптың 2-бөлім, 1-тармағы зардап шегуші Құрманованы алдын ала келісім бойынша топтық зорлау ісі бойынша сотқа келіп түсті. Алдын ала жоспарланбаған зорлау - бұл екі немесе одан да көп адамның ешқандай жоспарсыз әрекет жасауы. Мысалы екі адам қатысқан зорлауда біреуі ауызын ұстап, қолын басып, екіншісі зорлық әрекеттерін жасайтын болса, бұл топтық зорлауға жатар еді. Ал бұл істе ондай деректер жоқ. Сондықтан бұл 1-бөлімге ауыстырылып, зорлау ісі ретінде қарастырылды", - дейді судия С.Оразбай.


Мәлеметтер бойынша үш адамның мас болмағаны анықталған. Өйткені ертесі күні Ақтөбе қаласында өткізілген медициналық сараптама нәтижесі бойынша олардың сау болғаны белгілі болған. Ал айыпталушылар зардап шегушімен жыныстық қатынасқа өзінің келісімі бойынша түскенін айтқан.


Ал зардап шегушінің өзі моральдық, материалдық шығын өтеугі талап етпеген. Жазаны жеңілдетуге қылмыскерлердің осыған дейін істі болмағандары және тұратын жеріндегі таныстары тарапынан мінезіне қатысты жақсы пікірлер көмектескен. Сонымен қатар, қамаудағы Үмбетәлиевтің кәмелет жасына толмаған екі баласы бар. 


"Ал жазалау ісіне қатысты айтатын болсақ, 120 баптың бірінші бөлімі 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айру туралы айтады. Бұл ауыр қылмыстардың қатарына жатпайды. 55-баптың 2- бөлімі 1-тармағы бойынша егер бұрын істі болмаса, жазасын жеңілдетен жағдайлар қарастырса сот орта салмақтағы қылмыстарға белгілі жаза өтеу мерзімінен көп уақыт тағайындай алмайды. Сондықтан, 2 жыл 6 ай көлемінде жазаларын өтеуге шешім қабылданды", - дейді судия.


Қылмыскерлер жазасын Қостанай облысы, Құсмұрын түрмесінде өтейтін болады.


 



 

 




Көрілген: 993    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.07.2019, 18:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31