Қылмыс

Пойызда бойжеткенді зорлаған жолсеріктерге үкім шықты

  • lenta.inform.kz

    lenta.inform.kz

Бүгін Қостанайда «Тұлпар-Тальго» пойызында ақтөбелік бойжеткенді зорлаған екі жолсерікке үкім оқылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қылмыс өткен жылдың аяғында болған.


Әйел астанадағы ғылыми конференцияға қатысып, туған қаласына келе жатқан. Күдіктілер жымысқы әрекетін іске асырған кезде пойыз Қостанай облысының Таран ауданы аумағында болғандықтан, іс Таран аудандық сотында қаралды.


Елді шулатқан іске бүгін нүкте қойылды. Қостанайдың №2 қалалық сотында судья Сатыбалды Оразбай бұрынғы жолсеріктер Қолқанат Құрманиязов пен Жетес Үмбетәлиевке шығарылған үкімді оқыды.


«Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязовқа қатысты істі қарап, олар 121-баптың 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылсын және олардың әрбіріне 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілсін. Олар жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі орташа мекемесінде өтейді. Сотталушылар сот залында қамауға алынсын», - деген шешімді оқыды судья.


Бұдан тыс, сотталушылардың әрбірі 15 АЕК мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ процестік шығындар үшін мемлекетке әрбірі 717 мың теңге төлеуге міндеттелді.


Еске сала кетейік, «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилованың Facebook парақшасында жазуынша, 26 қыркүйек күні кешкі сағат 10-дар шамасында бойжеткен «Тальго» пойызының купесіне отырады. Купе ішінде бір ер адам болған. Заттарын қойып, пойыз мейрамханасының асханасынан тамақтанып келнен кезінде купе ішінде арнайы форма кимеген жолсерік отырады. Ол әуелгі ер адамды басқа купеге ауыстырып жібергенін айтады. Қыз ұйқысы келгенін түсіндіріп, жолсеріктен купеден шығуын өтінеді. Сыра ішіп отырған жолсерік тек жарты сағаттан соң шығып кеткен. Алайда таңғы сағат 04:00 шамасында жолсерік бойжеткен жатқан купеге өз кілті арқылы ашып кіреді. Мұнан соң арам ойын іске асырады. Ізінше екінші жолсерік те келіп, бойжеткенді зорлаған.


 




Көрілген: 463    Пікірлер: 0

жұма, 26.07.2019, 11:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31