Қылмыс

Прокурор Қызылорда облысының экс-әкімін сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

  • https://kaz.tengrinews.kz/

    https://kaz.tengrinews.kz/

№2 қалалық сотта Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың ісі аяқталуға жақын қалды. Прокурор судья кеңесу бөлмесіне кетер алдында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Мемлекеттік айыптаушы экс-әкімді сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрап, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы ("Аса ірі мөлшердегі алаяқтық") бойынша Қызылорда облысының экс-әкімін кінәлі деп тануды сұрады.

 

Сондай-ақ, ол Қызылорда облысының экс-әкімін мемлекеттік, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару мүмкіндігінен айыруды сұрады.

 

Сонымен қатар, прокурор соттан Ысқақовты орташа қауіпсіздік мекемесінде бас бостандығынан айыруға ауыстыруды, сондай-ақ мемлекеттік ордендер мен наградалардан айыруды сұрады.

 

Сонымен қатар, прокурор Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігі, 2-тармағы, 190-бабының 4-бөлігі бойынша Мұрат Имандосов пен Мұрат Делмұхановты кінәлі деп тануды және әрқайсына жеті жыл бас бостандығынан айыруды тағайындауды, сондай-ақ Жеңісбек Ысқақов пен Азат Досмаиловты осы баптар бойынша алты жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

 

 




Көрілген: 684    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.11.2020, 13:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31