Қылмыс

"Рас шығар деп ойладық": Елордада 400 адам жаңа автосалонға алданып қалды

  • "Рас шығар деп ойладық": Елордада 400 адам жаңа автосалонға алданып қалды

Компания ресми түрде биыл мамыр айында ашылған. Содан бері ғимараттан адам нөпірі үзілмепті

Елордада алаяқтардың кесірінен 400-ге жуық адам көліксіз қалды. Олар елордада жаңадан ашылған автосалонға алданып қалған. "Көлік сатып алып береміз" деп сендірген менеджерлер жәбірленушілерге ақшасын толық төлеткізген, деп хабарлады КТК.

Кредит алып бар қаржысын санап бергендерге енді ақша да жоқ, көлік те жоқ.

"Бүкіл автосалонды қарадық. Үш ай, төрт ай күтесің деді. Сосын интернеттен осы NurAuto-ны көріп қалдық. Бір ай, 45 күн деген соң, соған бардық. Біз барғанда адамдар нөмірге де тапсырып беріп жатты. Кәдімгідей ХҚКО-ның арнайы адамы отырды. Соның бәрін көргеннен кейін рас шығар деп ойладық. Сол жерде қаншама адам жүрді. 54 миллион теңге салған кісілер болды. 12, 16 миллион, одан да көп салғандар бар", - дейді жәбірленуші Әлібек Төлеуов.

Қазір көлікті сатып алуға келісімшарт жасалған автосалон жабық, есігінде қара құлып тұр. Бос кеңсені құқық қорғау орындары мөр басылған қағазбен жамап қойған. Компания ресми түрде биыл мамыр айында ашылған. Содан бері ғимараттан адам нөпірі үзілмепті. Өйткені елімізге танымал блогерлер халықты арзан бағалы көліктермен қызықтырып жарнамалаған. Әлеуметтік желіде жасаған дүниелеріне қыруар ақша төлегендердің қазір қайда екенін ешкім де білмейді. Алайда алданып қалғандардың сөзіне сенсек, автосалонның жауапты басшыларының бірі қамауға алынған. Полицейлер де бұл мәліметті растады. Қылмыстық іс қозғалған, бірақ нақты қандай баппен істің өрбіп жатқаны беймәлім.

Тәртіп сақшылары NurAuto.kz компаниясынан жәбір көргендердің арыз жазуын сұрайды. Ал темір тұлпарсыз қалғандар елорда бойынша 400-ге жуық адамның 7 миллиард теңгеден астам сомаға алданып қалғанын айтады. Алаяқтардың арбауына түскендер арызымызға полицейлер ерте мән бергенде, бұл жағдай болмас еді деп күйініп отыр.

"Бірінші арыз ішкі істер министрлігіне 22-сі күні түскен. Сол кезде алаяқтардың бәрі жүрді. Неге бәрін қамамады? Түсінбейсің. Мамыр айынан бері төрт ай күттім. Көлік жоқ. Басынан аяғына дейін жүрдім. Екі ай бұрын Берік деген қаржы директорынан "қашан келесің?" десем, күнде өтірік айтады. Алаяқтың алаяғы. Балаларымен ант-су ішкен, ақыр соңы бәрін алдап кетті", - дейді Ерболат Сұлтанбеков.

sputnik.kz




Көрілген: 736    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.10.2021, 09:38

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31