Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Ресей-Украина соғысынның қатысушысы» Қазақстандық әйелді Т2 млн алдап кетті

23 қыркүйек 2022, 17:49

«Ресей-Украина соғысының қатысушысы» қазақстандық әйелді 2 миллион теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Alashainasy.kz  ҚазТАГ-қа сайтына сілтеме жасап. 


«Ақсу қаласының 33 жастағы тұрғыны жаңа алаяқтық схемасының құрбаны болып, 2 млн теңгесінен айырылды. Тұрғын интернетте жігітпен танысқан. Ол оған Ресей-Украина соғысында жүргенін және жақында Қазақстанға келетінін айтқан. Хат алмасу кезінде ол өз сөздеріне сендіріп, жылы сөздер айтқан»,- деп жұма күні ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады.


«Кейін «сүйікті» досы қыздан жеке заттары, құжаттары және 50 мың доллар көлеміндегі қолма-қол ақшасы бар пакетті қарсы алуды өтінген. Бірақ сәлемдемені шекарадан өткізу үшін мемлекеттік баж салығын және кедендік анықтаманы төлеу керек екенін айтқан. Әйел бірден жақын маңдағы банктен 2 миллион теңге несие рәсімдеп, корреспонденцияда көрсетілген банк шотына жіберген. Ал ақшасын алып алған алаяқ қосымшадан өшірілген», - делінген хабарламада.


Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


«Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар адамды анықтауға бағытталған бірқатар іс-шараларды жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.