Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ресейден көлік алуға көмектесетінін айтқан өскемендік алаяқ 2,6 млн теңге пайда көрген

27 желтоқсан 2022, 09:16

ШҚО тұрғындарына Ресейден көлік алуға көмектесетінін айтқан алаяқ 2,6 млн теңге пайда көрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қалалық ПБ Ертіс полиция бөлімінің тәртіп сақшылары Ресейден көлік алуға көмектесетінін айтып, тұрғындарды алдаған әйелді қолға түсірді.

28 жастағы өскемендік 3 ұқсас қылмыс жасағаны үшін күдікке ілінген.

«Әйел адам Ресей Федерациясынан автокөлік жеткізіп беремін деп алдап, Глубокое ауданының тұрғындарынан шамамен 2 600 000 теңге ақша алған. Алайда арада біраз уақыт өткенде тұрғындарға көлік те жеткізілмеді, ақшасы да қайтарылмады. Сол кезде алданып қалғанын түсінген олар полицияға хабарласқан», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта алаяқ тергеу изоляторына қамауға алынған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.