Қылмыс

Ресейге 500 мыңға жуық маска алып өтпек болған

  • Фото: БҚО бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаменті

    Фото: БҚО бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаменті

Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" өткізу пунктінде республикадан бір реттік медициналық маскалардың заңсыз экспорты тоқтатылды. Бұл туралы БҚО бойынша Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметі департаментінде хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

"17 сәуірде Алматыдан Мәскеуге Қазақстан азаматының басқаруымен келе жатқан Volvo автокөлігіне шекаралық бақылау жүргізілді. Жасақ қызметкерлері шанақтың дұрыс пломбаланбағанынан күдіктеніп қалды. Сол себепті көлік құралын терең тексеруден өткізу туралы шешім қабылданды. Осылайша, медициналық маска салынған 119 қорап табылды. Олардың саны 464 мың дана болды. Болжамды сомасы - 55 миллион теңгені құрауда", - деді подполковник Асқар Қазбеков.

 

Шекарашылар жүкті жөнелтуші қазақстандық ЖШС екенін нақтылады. Ілеспе құжаттарда машинада халық тұтынатын тауарларды тасымалдаатыны көрсетілген.

 

Айта кету керек, Қазақстаннан төтенше жағдай режимі кезінде жеке қорғаныс құралдары мен түрлі медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкетуге тыйым салынады.

 

Қазіргі уақытта материалдар экономикалық тергеулер бөліміне тапсырылды. Олар бұл факт бойынша процессуалдық шешім қабылдайды.

 




Көрілген: 274    Пікірлер: 0

сенбі, 18.04.2020, 12:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31