Ресейлік көлікті тіркеп берем деп алдаған

25 ақпан 2022, 17:55

31 жастағы Атырау қаласының тұрғыны 30 жастағы әйелдің сеніміне кіріп, 850 мың теңгеге Ресей Федерациясында тіркелген автокөлігін Қазақстанда тіркеуге көмектесемін деп уәде берген. Уақыт өте келе ол алданғанын сезіп, полицияға шағымданған деп хабарлайды azh.kz.

 

- Біздің қызметкерлер 1991 жылы туған күдіктіні ұстады. Оның деструктивті діни ағым мүшесі екендігі анықталды, - Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат ОРАЗБАЕВ. - Сот оны Қылмыстық кодекстің 190-бабы  3 бөлігі ("Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық") бойынша айыпты деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.