Қылмыс

Ресейлік көліктерді жалған құжатпен Қазақстанға кіргізген

  • © AFP 2019 / Sebastian Kahnert / POOL

    © AFP 2019 / Sebastian Kahnert / POOL

Қазақстанда автокөліктерді контрабандалық жолмен өткізген трансұлттық қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды қаржылық бақылау агенттігі.

 

"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті мен облыстық прокуратура өкілдері бірлесіп, автокөлік контрабандасымен айналысқан трансұлттық қылмыстық топты ұстады. Олар жалған құжаттарда көлік бөлшектері деп көрсетіп, Ресейден Қазақстанға автокөліктер кіргізумен айналысқан", – делінген хабарламада.

 

Күдіктілерді тінту кезінде 60 машинаға қатысты (54 жеңіл автокөлік, алты жүк көлігі) заңсыз әрекеттерді растайтын құжаттар, Ресей Федерациясының жалған техникалық паспорты мен мемлекеттік нөмір белгілері тәркіленді.

 

 

"Мемлекетке келтірілген залалдың алдын-ала мөлшері шамамен 650 миллион теңгені құрайды", – деп атап көрсетілген ақпаратта.

 

Қазіргі кезде ұсталғандар екі айға дейінгі мерзімге қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 359    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 17:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30