Қылмыс

Ресейлік теннисші Елена Веснинаның Олимпиададан жеңіп алған медальдары ұрланды

  • Ресейлік теннисші Елена Веснинаның Олимпиададан жеңіп алған медальдары ұрланды

    Ресейлік теннисші Елена Веснинаның Олимпиададан жеңіп алған медальдары ұрланды

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының жеңімпазы және Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, ресейлік теннисші Елена Веснинаның Мәскеу маңындағы үйі тоналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Спортшының айтуынша, оның үйіндегі сейфті бұзып, қымбат бұйымдар мен Олимпиада мельдарын алып кеткен.

«Мен күйеуіммен бірге кешкі ас ішіп үйге келгенмін, Олимпиададан жеңіп алған алтын және күміс медальдарымды және сейфті бұзып, қымбат бұйымдарымды алып кетіпті»,-дейді теннисші.

Спортшының сөзінше, тонаушылар үйдің есігін бұзып кірген. Ал ерлі-зайыпты үйден шығарда дабыл белгісін қосуды ұмытып кеткен. Ұрланған заттардың құны әзірге есептелген жоқ.

Спортшы үйінің тоналғаны туралы полицияға шағым түсірген. Ол құқық қорғаушылардың үйді тексергенін атап өтті.

Мәскеу маңы полициясының қызметкерлері тонау әрекеті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын растады.

«Шығын көлемі есептеліп жатыр. Жедел-іздестіру шаралары мен тергеу жүріп жатыр»,-деп хабарлады полициядан.




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

жексенбі, 12.09.2021, 21:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31