Қылмыс

РФ шекаралас өңірлерінің полицейлері іздеп жатқан 12 қылмыскер СҚО-да анықталды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

РФ-ның шекаралас өңірлерінің полицейлері іздеп жатқан 12 қылмыскер СҚО-да анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері шекаралас ынтымақтастық шеңберінде қылмыскерлерді іздеу бойынша жұмыстар жүргізеді. Жыл басынан өңір аумағында РФ-ның шекаралас өңірлерінің полицейлері іздеп жатқан 12 қылмыскер анықталып, ұсталды. Олардың көбісі Омбы облысында қылмыстар жасағаны үшін іздеуде болған.

 

Солтүстікқазақстандық полицейлер анықтаған үш қылмыскерге Калининград, Челябі, Владимир облыстарында іздеу жарияланған.  Ресейлік жедел уәкілдер іздестірген екі солтүстікқазақстандық заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деп күдіктелуде.

 

Петропавл қаласында анықталған 42 жастағы ер адам шекараны заңсыз кетіп өткені үшін ресейлік құқық қорғау органдары қызметкерлерінің назарына іліккен.

 

Ал 26 жастағы солтүстікқазақстандық есірткі қылмыстарын жасағаны үшін Омбы облысының жедел уәкілдерімен іздестіріліпті.

 

СҚО аумағында анықталған адамдар ауыр дене жарақаттарын келтіру, билік өкіліне қатысты күш қолдану, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, өлтіремін деп қорқыту жасағандары үшін іздестірілген. Мұндай қолсұғушылықтар Омбы және Түмен облыстарында жасалған.

 

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктілерді анықтап, заңнамамен қарастырылған рәсімдерді жүргізді. Кейін қажетті мәліметтер ресейлік әріптестерге жіберілді.

 

 – Шекаралас өңірлердің Ішкі істер министрлігі басқармаларымен бірлесіп жұмыс жүргізу жедел сұрақтарды шешуге көмектеседі. Басты міндет – жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз ету, – деп атап өтті СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

 




Көрілген: 1361    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 18:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30