Қылмыс

Рудный тұрғыны үйлену тойынан кейін күйеу баласын өлтірді

  • © Sputnik / Рамиль Ситдиков

    © Sputnik / Рамиль Ситдиков

Рудный қаласының тұрғыны күйеу баласын өлтіргені үшін сотталды.


Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі арнайы сотында 59 жастағы Жомарт Жарасбаевтың ісі қаралды, деп хабарлайды alau.kz.


Іс материалдарына сәйкес, осы жылдың 6 сәуірінде кешке ол әйелі және Қостанайда отбасымен тұратын қызы Қуаныш Батхитдиновамен бірге Рудный мейрамханаларының біріне үйлену тойына барған.


Түн жарымында келіншек үйіне қайтады, онда оны мас күйеуі күтіп алып, қызғаныштан соққыға жыққан. Жас келін болған жайтты анасына телефон арқылы хабарлаған. Ол қызын қорғауға күйеуін жіберген.


Іс материалдарына сәйкес, жігіт қайын атасына пышақ ала жүгірген, олар алдымен үй ішінде, содан кейін аулада төбелескен. Жанжал кезінде қайын атасы күйеу баласынан пышақты тартып алып, оған үш рет сұғып алған.


Батхитдинов оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Жарасбаев қамауға алынды. Ол қасақана кісі өлтіргенін мойындамады, бірақ сот оны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


 sputnik




Көрілген: 913    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.10.2019, 11:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31