Қылмыс

Сәбина Әбдуәлиеваның денесі таудан табылды

  • https://www.ktk.kz

    https://www.ktk.kz

Алматы облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен Сәбина Әбдуәлиеваның денесі таудан табылды. Оны өлтірді деген күдікпен екі азамат ұсталды.


Ең басты күдікті – Қаскелеңдегі тату салонының 22 жасар қызметкері. Қазір екеуі де қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.


25 жастағы Сәбина Әбдуәлиева 24 қыркүйек күні таңертеңгі уақытта көлігімен үйден шыққаннан қайтып оралмаған.


Уайымдаған туыстары тез арада полицияға шағым түсіріпті. Ең алдымен құзырлы орган өкілдері Әйтей ауылы маңынан келіншектің өртенген көлігін тапқан. Сөйтіп, жедел-іздестіру барысында қолға түсірген екі күдікті қыздың мәйітін көмген жерін көрсеткен.


Қазір туыстары болған жайға ештеңе айтқылары келмей отыр. Үйіне іздеп барған тілшілерге есігін ашпады. Ал көршілері бар білгенін айтып жатыр.


Сәбинаның артында екі баласы қалды.


Десе де, ұсталғандардың мұндай қылмысқа баруына не себеп болғаны әзірге жұмбақ.


Күдікті жертөредегі тату салонында істеген. Полицейлердің айтуынша, Сәбинаны дәл осы жерде өлтірген болса керек. Бүгінде есігі жабулы тұр. Мұндағылар салонның бір апта бұрын ғана жұмысын тоқтатқанын айтады.


Қазір екі күдікті де қамауда. Болған оқиғаға қатысты сот сараптамасы жасалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында мәлім болады.


 ktk.kz






Көрілген: 889    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.10.2019, 09:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31