Қылмыс

Сақ болыңыз! Алаяқтар жаңа әдіс қолдана бастады

  • Сақ болыңыз! Алаяқтар жаңа әдіс қолдана бастады

    Сақ болыңыз! Алаяқтар жаңа әдіс қолдана бастады

  • Сақ болыңыз! Алаяқтар жаңа әдіс қолдана бастады

    Сақ болыңыз! Алаяқтар жаңа әдіс қолдана бастады

Жаңа жылдың басынан бастап қаржы алаяқтары тағы да тартымды ұсыныстар мен күмәнді сілтемелері бар электрондық хаттарды белсенді түрде жібере бастады.

Онлайн режимде «тұзақтар» құрып, банктер мен өзге де қаржы ұйымдарының қауіпсіздік қызметтерінің қызметкерлері ретінде өздерін таныстыра отырып, азаматтарға қоңырау шала бастады. Fingramota.kz Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығымен бірлесіп сіздің ақшаңызды қорғауға көмектесетін қарапайым қауіпсіздік ережелерін естеріңізге салады.

Әлеуметтік желілерде қазір онлайн режимде электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) жылдам алумен байланысты алаяқтықтың жаңа нысаны таратылуда. Алаяқтар қол қоюды тез және белгілі бір ақыға жасауды ұсынады, сонымен бірге міндетті түрде азаматтың жеке деректерін сұрайды. Бұлай етуге ешқашан болмайды, тек egov.kz ресми порталында ғана ЭЦҚ-ны алу мен өз деректеріңізді енгізуді жүзеге асыра аласыз.

Интернетте, әсіресе танымал әлеуметтік желілерде сіз басқа да қаржылық алаяқтыққа тап болуыңыз мүмкін. Мысалы, алаяқтар жалған боттарды, соның ішінде белгілі банктердің атынан боттар жасайды, олар, мысалы, әртүрлі қаржылық қызметтерді алу жөнінде кеңес беруді немесе жеңілдікті кредит, әлеуметтік төлемдер, зейнетақы қаражатын алуға, теріс кредиттік тарихты жоюға өтінім беруді және басқа да болжамды қаржылық қызметтерді ұсынады. Мұндай жалған боттар пайдаланушылардан жеке деректерді және банк карталарының деректерін енгізуді сұрайды, тіпті SMS-тен кодты сұрай алады, оны алғаннан кейін алаяқтар аңғал азаматтардың картасындағы барлық ақшаны қағып ала алады.

Қаржы алаяқтары интернет-кеңістігінде өз дегендерін істеп, «балықшылар» сияқты қармақтарын сайлап, жаппай фишинг-шабуылдарға көшуде, олар өз құрбандарына банк қызметкерлерінен деп электрондық хаттар немесе аттас сайтқа әкелетін сілтемелері бар SMS-хабарламалар жібереді. Олардың айла-шарғылары пайдаланушы хатта немесе SMS-хабарламада көрсетілген сілтеме бойынша кіріп, өзінің жеке деректерін (ЖСН, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі), төлем картасының деректемелерін, сондай-ақ мобильді банкингтің логині мен паролін енгізуіне бағытталған. Не сілтеме бойынша кіргенде пайдаланушының құрылғысына вирус кіреді де алаяқтарға қажетті барлық деректерді ұрлайды.

Бұдан басқа, алаяқтар банктің клиенттеріне телефон соғып, өздерін қауіпсіздік қызметінің немесе карточка бөлімінің қызметкері ретінде таныстырып, түрлі ұтыс ойындарына немесе лотереяларға қатысуды ұсынады, карт-шоттарға шабуылдармен қорқытады немесе кредиттік «каникулдар» алу мүмкіндігімен және т.б. қызықтырады. Телефон алаяқтары, әдетте, азаматтарға ойлануға мұрсат бермейді, олар нақты, кәсіби  іс-әрекеттерімен, сенімді сөздерімен ерекшеленеді. 

Есіңізде болсын, банк менеджерлері клиентке өздері бірінші болып телефон соқпайды, егер де сізге қоңырау шалып, сіздің шотыңыздағы түсініксіз транзакцияларды бұғаттау үшін SMS-пен келетін кодты сұраса, әңгімені доғарып, сізге қызмет көрсететін банкпен байланысыңыз.

Өзіңіздің дербес деректеріңізді, оның ішінде ЖСН, ЭЦҚ, картаның сырт жағындағы CVV-кодты белгісіз адамдарға ұсына отырып, картадағы немесе шоттағы барлық қаражатыңыздың қолма-қол ақшаға аударылып  кету қаупі бар. Сондай-ақ, сіздің атыңызға күмәнді мәмілелер, жалған несие ресімделуі немесе автокөлік қайта ресімделуі мүмкін.

 

 Өзіңізді және ақшаңызды қаржы алаяқтарынан сақтау үшін қарапайым қауіпсіздік қағидаларын есте сақтаған жөн &ndash дейді мамандар.

 
Қандай да жағдайда да парольді, кодтарды немесе төлемдерді растау үшін пайдаланатын өзге де конфиденциалды деректерді ешкімге айтпаңыз;

Жеке басыңызды растайтын куәлікті немесе паспортты ешкімге бермеңіз, сәйкестендіру құжатының суретін әлеуметтік желілерге жария етпеңіз және мессенджер (Whats App, Telegram және басқалары) арқылы үшінші тұлғаларға жібермеңіз;

Күмәнді интернет-ресурстарда тіркелуге және осылайша, жеке деректерді бейтаныс адамдарға беруге болмайды;

Электрондық почта және SMS-хабарлар бойынша хаттардағы күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Оларды бірден жойып тастаңыз және жіберушіні бұғаттау керек;

Жеке хабарландырудың сайттарында аса мұқият болған жөн, мұнда алаяқтар сатушылардың, сондай-ақ сатып алушылардың рөлінде бола алады. Сайттың доменіне міндетті түрде назар аударған жөн. Адрес http:// емес, https:// басталуға тиіс;

Ұйымның сайты немесе парағы жалған екендігіне күмәндансаңыз, осы ұйыммен байланысып, ақпаратты, әсіресе интернет-банкинг жүйесінде төлем жасау кезінде нақтылаңыз. Банкке қоңырау шалыңыз және ақпаратты нақтылаңыз;

Дербес ақпаратты ұсынуды талап ететін күмәнді интернет-конкурстар мен лотереяларға қатыспаңыз;

Егер сіз онлайн-сатып алуды жоспарласаңыз, сайттың шынымен де интернет-дүкенге тиесілі екендігіне көз жеткізіңіз және интернет арқылы сатып алуларға ғана арналған жеке карта алыңыз;

Өзіңіздің барлық операцияларыңызды көру үшін өзіңіздің төлем картаңызға SMS - хабарлама немесе Push - хабарлама қызметін қосыңыз;

Төлем картаңыздағы 3D-Secure функциясын ешқашан ажыратпаңыз.

Ел басына туып отырған осындай күрделі эпидемиологиялық кезеңде ерекше қырағылық танытып, қандай жағдайда болса да құпия ақпаратты ешкімге айтпауға тырысыңыз &ndash дейді мамандар.

BAQ.KZ




Көрілген: 558    Пікірлер: 0

сенбі, 09.01.2021, 03:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31