Қылмыс

Сантехник үй иесінің ұялы телефонын ұрлап кеткен

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматы облысында ұялы телефон ұрлаған сантехник ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Бұрын да бірнеше рет сотты болған ер адам сантехник ретінде үйге кіріп, ұялы телефонды ұрлап, дәл сол күні оны сатып үлгерген.

 

13 маусымда Ескелді аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қарабұлақ ауылының 59 жастағы тұрғыны құны 80 мың теңге тұратын ұялы телефонының ұрланғаны туралы арызданған.

 

Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелгеннен кейін полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарына кіріскен. Зардап шегушіден жауап алған тәртіп сақшылары ұялы телефонның сантехниктің келуінен кейін жоғалғанын анықтаған.

 

Сантехник жұмыс ауқымын көргеннен кейін қажетті құралының өзімен жоқтығын айтып үш күннен кейін келемін деп уәде беріп тез кетіп қалған. Оның бұл әрекеті полицейлерде күмән тудырды.

 

Сантехникті хабарландыру арқылы тексеру барысында оның 33 жастағы Қарабұлақ тұрғыны екендігі және ұрлық, тонау, сонымен қатар алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болғаны анықталды.

 

Ол өзінің ұрлыққа қатыстылығын мойындаудан бас тартқан.

 

Алайда келесі күні телефонның табылған. Телефон табылған адам оны 3000 теңгеге сатып алғанын жеткізіп, сатушының сантехник екенін тікелей көрсеткен.

 

Ұсталған адам сантехник ретінде үйге кіріп, ұялы телефонды қолды қылғанын мойындады.

 

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынып, ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды.

 




Көрілген: 378    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.06.2020, 18:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31