Сарыағашта жас әйел күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

13 тамыз 2023, 12:08

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында күйеуін өлтірді деген күдікпен жас әйел ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.

12 тамыз күні Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полициясына жергілікті тұрғыннан екі күн бұрын 38 жастағы інісі жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жоғалған тұрғынды іздеуге жұмылдырылды.

 

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полицейлер отбасылық жанжалдан кейін күйеуін өлтірді деген күдікпен ауданның тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

 

Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Қайғылы жағдай орын алған отбасы ішкі істер органдарында есепте тұрмаған және отбасылық жанжал бойынша бұрын полицияға жүгінбеген.

 

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен "Кісі өлтіру" сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz