Қылмыс

“Сарыағашта вирус себіледі”: жалған ақпарат таратқан әйел анықталды

  • “Сарыағашта вирус себіледі”: жалған ақпарат таратқан әйел анықталды

    “Сарыағашта вирус себіледі”: жалған ақпарат таратқан әйел анықталды

Түркістан облысының полицейлері “Сарыағашта вирус себіледі” деп жалған ақпарат таратқан әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Естеріңізде болса, әлеуметтік желіде “Түнгі сағат 2 мен 3 арасында Сарыағашта балаларды ауыртатын вирус себіледі екен, балаларды көшеге шығармасын деп жатыр” деген қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың қоғамның заңмен қорғалатын заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін тудыратын хабарлама таралған болатын.

 

Бұл жалған ақпаратты таратқан әйелді анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде осы ақпаратты таратып, елді дүрліктірген әйел анықталды. Ол Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шықты.

 

Тексеру барысында анықталғандай, әйел бұл хабарламаны тек туыстарының көшеге шықпай отырулары үшін жазып, келініне “WhatsApp” арқылы жолдаған. Аталған жайт Сарыағаш АПБ-мен ҚР ҚК-нің 274-бабымен тіркелді.

 

Осы орайда полицейлер Түркістан облысының тұрғындарына осындай мәтінде жарияланған ақпараттарға сенбеуге шақырады. Сондай-ақ, дәлел-дәйексіз, ел ішін дүрліктіретін ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы “Көрінеу жалған ақпарат тарату” бойынша жауапқа тартылатынын да ескертеді.




Көрілген: 411    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.07.2020, 13:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31