Қылмыс

Сәтбаевтағы 5 жасар қызды ұрлау және зорлау ісі: Қылмысқа қатысы бар тағы екі адам анықталды

  • Сәтбаевтағы 5 жасар қызды ұрлау және зорлау ісі: Қылмысқа қатысы бар тағы екі адам анықталды

    Сәтбаевтағы 5 жасар қызды ұрлау және зорлау ісі: Қылмысқа қатысы бар тағы екі адам анықталды

2020 жылы шілде айында болған 5 жасар қызды ұрлау және зорлауға қатысқаны үшін Сәтбаев қаласының екі тұрғыны жауапқа тартылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қарағанды облысының прокуратурасында былтырғы жазда Сәтбаев қаласында жаппай тәртіпсіздікке себеп болған кішкентай қызды ұрлау және зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс туралы айтты.

 "4 ақпанда Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен 2020 жылдың 24 шілдесіне қараған түні Сәтбаев қаласындағы жаппай тәртіпсіздік бойынша қылмыстық іс кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа қарау үшін берілді. Іс бойынша 57 адам өтіп жатыр, оның ішінде 44 адам қамауда, бесеуі үй қамауында, үшеуі ата-анасының қарауында, екеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Тағы үш адам іздеуде болды. Бүгінгі таңда біреуі ұсталды, тергеу амалдары жүргізілуде, екеуін іздеп жатырмыз", - деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомство тағы екі адамға қатысты кішкентай қызды ұрлау және зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Тергеу істі сотқа жіберіп үлгерген.

Еске салайық, 23 шілде күні Сәтбаев қаласында 5 жасар бала жоғалып кетеді, кейіннен қыз көпқабатты үйдегі басқа біреудің пәтерінен табылады. Бүлдіршінді зорлады деген күдікпен, бір азамат қамауға алынады. Бірақ бірнеше адам күдіктіні қолдарына беруді талап етіп, жанжал шығарды.

Арадан біршама уақыт өткеннен кейін 5 жасар қызды ұрлап, зорлады деп айыпталған педофил тергеу изоляторының камерасында асылып қалғаны хабарланды.




Көрілген: 316    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 13:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30