Қылмыс

Сәтбаевтағы 5 жасар қызды зорлау ісі бойынша үкім шықты

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қарағанды облысында алқабилер сотымен Сәтбаев қаласында жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және зорлау фактісі бойынша үкім жарияланды (ҚК-тің 120-бабының 4-бөлігі, 121-бабының 4-бөлігі, 106-бабының 2-бөлігінің 3,5,11-тармақтары), деп хабарлайды zakon.kz.

 

Іс Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған.

 

Сотқа ерлі-зайыптылар Пр. пен П. жоғарыда көрсетілген айыппен сотқа берілді.

 

Күдікті Г. тергеу барысында өз-өзіне қол жұмсаған. Тергеушімен Г.-ға қатысты іс оның өліміне байланысты тоқтатылған және сотпен қаралған жоқ.

 

Сотта анықталғандай, 2020 жылдың шілде айының 23-күні Г. мас күйінде өз үйінің кіре берісінде жас қыз бала жәбірленушіні кездестіріп, оны ұстап алып өзінің пәтеріне әкелген. Содан кейін Г. өзінің көршісі Пр.-ты шақырып алып, жәбірленушіге зорлық жасауды ұсынған, соңғы келіскен. Содан соң олар Пр.-дың жұбайы – сотталушы П.-ны шақырып алған, ол олардың қылмыстық пиғылдарын біле тұра, балаға тергеумен анықталмаған зат инъекциясын жасаған. Қыз бала есінен тана бастаған. Содан кейін, Г. мен Пр. жас қыз балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған және зорлаған. Сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің психикалық денсаулығына ауыр зиян келтірілген, делінеді Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.

 

Алқабилер үкімімен дауыс беру қорытындысы бойынша алқабилер соты Пр. мен П.-ны барлық баптар бойынша кінәлі деп таныды.

 

Пр-тың жазасын ауырлататын мән-жай ретінде онымен қылмыстарды мас күйінде жасағаны танылды. Жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ.

 

Жоғарыдағыларды ескере отырып, Пр.-қа өмір бойына бас бостандығынан айыру және жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздігі мекемесінде тағайындалды. Жазаның алғашқы 5 жылы қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемесінде өтелуге жатады.

 

Әйелдерге өмір бойына бас бостандығынан айыруды тағайындауға заң тыйым салады (ҚК-тің 46-бабы).

 

Осыған байланысты, сотталушы П-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, түпкілікті 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.




Көрілген: 526    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.06.2021, 21:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31