Қылмыс

Саунадағы сойқан. Күзетшілер басына шығып секірген жігіт көз жұмды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Саунадағы сойқан. Түркістан облысында моншаға келген төрт жігітті демалыс орнының күзетшілері жабылып тепкілеген. Ауыр соққыдан 27 жастағы бір азамат ес жимастан көз жұмса, жанындағы үш досы түрлі жарақат алған.

 

Тепкілегендер саны 15 болғанымен, қазір бір ғана күзетші күдікті ретінде танылыпты. Оның өзі қамауға алынбаған. Осыған наразы марқұмның туыстары құзырлы орындар «өзара ауыз жаласып істі жауып тасмақшы» дейді. Өйткені төбелес болған сауна полиция қызметкеріне тиесілі көрінеді. 

 

Қанды қылмыс саунада болған. Жұмыстан шыққан төрт дос кештетіп демалыс орнына суға түсуге келіпті. Бірақ сауна бағасын қымбат айтқан соң, саудаласамыз деп күзетшілермен керісіп қалған. Тіпті ерегестің соңы төбелеске ұласып, төрт жігітке 10 шақты күзетші жабылған. Соқталдай жігіттердің соққысынан біреуі өліп, үшеуі көгала қойдай таяқ жеген.

 

Ерболат Құдайбергенов, жәбірленуші:

 

- Үшеуіміз сыртқа шықтық. Бәрімізге 3-4 баладан жабылды. Бәріміз осы жерде талып қалдық.

 

Есімізді білмейміз. Көптің соққысынан бірінші болып Еламан Мәліков құлайды. Оны 5-6 жігіт тепкілеп, басына шығып секіріпті. «27 жасар Еламанды құтқарып қалуға болар еді» - дейді достары. Себебі, сол жерден өтіп бара жатқан жедел жәрдем тоқтап, көмектеспек болғанда күзетшілер фельдшердің өзін қорқытты дейді.

 

Ерболат Құдайбергенов, жәбірленуші:

 

 - Жедел жәрдем көлігіне салғызбай жатты Еламанды, жаңағы күзеттегі балдар. Пышақ тақаған жедел жәрдемдегі балаға «әкетпейсіңдер, бұл өтірік істеп жатыр әшейін өтірік, қазір есін жинайды» деп, бетіне су шашқан. Есін жинай алмай жатқан баланың басына секірді. Еламанды ұрып өлтірген  «Сокол» деген күзет агенттігінің қызметкерлері екен. Олар әрдайым осы саунада отырады дегенді естіп марқұмның туыстары жиналған еді. Бірақ, мұндағылар есікті ішінен тарс жауып алды.

 

- Аш! Кешегі адам өлтіретіндеріңді шақыр, қане! Аш, бауырым. Кешегі аам өлтіргішті шақыршы мына жерге, сөйлесейік.

 

Саунаның аты «Манкент» болғанымен, жергілікті жұрт «Қарабаев саунасы» дейді екен. Себебі, демалыс орыны Шымкенттегі әл-Фараби полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Қарабаевқа тиесілі дейді жиналғандар.

 

Ал Еламанға 15 жігіт жабылғанымен, күдікті ретінде жалғыз күзетші танылыпты. Оның өзі қамалмағанын полиция полковнигі мен өзге құзырлы орындардың «ауыз жаласуы болуы мүмкін» деп топшылайды жәбірленушілер.

 

Айкен Мәліков, марқұмның ағасы:

 

- Осы сауна Қарабаев деген әл-Фараби ауданы ішкі істер басқармасының басшысы, соның мекемесі болғандықтан, Сайрам ауданы ішкі істер басқармасына қысым жасалған болуы мүмкін. Ішкі істер қызметкерлері ешқандай жұмыс атқармаған. Менің бауырымды адамдар тобы аса қатыгездікпен өлтіргені бойынша 1-ақ адамды күдікті деп ұстап, Аширбаев А.А деген Сайрам ауданы сотының судьясы ол күдіктіні ұйқамаққа  жіберген. Қаншама топ бұл жерде, біздің Қазақстанда қашан коррупция бітеді?!

 

«Сокол» күзет агенттінің кеңсесін, не басшыларын таба алмадық. Тіпті лицензиясы бар-жоғы да белгісіз. Ал ел шулаған соң, Сайрам ауданының соты күдіктіні не үшін қамауға алмағанын әлеуметтік желі арқылы түсіндіруге тырысты.

 

Дина Тойжанова, Сайрам ауданы сотының судьясы:

 

- Сот жасаған қылмыстық құқықтық бұзушылық әрекетіне өкініш білдіруін, нақты тұрғылықты мекенжайы барын оған шектеулер қойып, оған қатысты үй қамақ түрінде бұлтартпау шарасын қолданған. Қаулы заңды күшіне енбеген.

 

Сот осылайша сұйық болса да, жауап берді. Ал сонша жігіт жабылып ұрса да, адам өлімі болса да, бір ғана тұлғаға дене жарақатын салу бабымен іс қозғаған полицейлер түсініктеме берген жоқ.

 

«Саунаның қожайыны» делінген полиция полковнигімен де тілдестік. Ол, әринее демалыс орыны өзіне тиесілі екенін жоққа шығарады.

 

Қазір жәбірленуші тарап саунадағы қырғынға қатысты тергеуді прокурорлар жіті бақылауға алуын талап етеді.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 524    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.11.2021, 09:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31