Қылмыс

"Саусағында тырнақ болмады": Шымкенттік жасөспірім аяусыз соққыдан соң комаға түсті

  • Фото: Видеодан кадрлар/ Астана телеарнасы

    Фото: Видеодан кадрлар/ Астана телеарнасы

Шымкентте жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болып, 17 жастағы тұрғын комаға түсті. Жеткіншектің туыстары Елжан Біртановқа жүгініп, баланың емімен астаналық дәрігерлер айналысқанын қалап отыр. Сондай-ақ, жәбірленушінің жақындары кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп қорқады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Жасөспірімнің жақындары 22 мамыр күні болған оқиғаның мән-жайын "Астана" телеарнасының тілшілеріне айтып берді.

 

Зарда шеккен Абзал достарымен серуендеуге шығып, бір топ жігітке кезіккен. Бұрыннан қарым-қатынастары жақсы емес жігіттер арасында тағы текетірес басталады. Салдарынан үш жігіт те жарақат алады, ал Абзал комаға түседі.

 

Ағасының сөзінше, баланың басына шлакаблок сындырған.

 

"Құлағынан, басынан қан ақты. Саусағында тырнақтары болмады. Аяусыз ұрып кеткен. Інімнің өзі спортшы, 7-8 адам бірігіп ұрған. Бірақ төбелесте адам одан да көп болған. Қазір іс бойынша 15 адам бар. Олардың төртеуі сот санкциясы арқылы қамауға алынған дейді",- деді жәбірленушінің ағасы Алмас Ұтқыров.

 

Алмас басқа адамды соққыға жығып жатқанда, үнсіз қарап тұрғандарды да жазалауға ниетті.

 

Ақ халаттылардың сөзінше, Абзалдың жағдайы аса ауыр.

 

Ал баланың туыстары жергілікті дәрігерлерге сенбейді. Сондықтан, олар денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа әлеуметтік желіде жазып, жасөспірімді астаналық ауруханаға ауыстыруын сұраған.

 

 

Біртановтың тапсырмасымен Шымкентке арнайы мамандар бар санавиация жіберілді. Астаналық және жергілікті дәрігерлер кеңес өткізіп, алда қалай әрекет еті керегін шешеді.

 

"Мен тек тәжірибелі дәрігерлер жағдайды бақылауына алса деймін. Өйткені, дәрігерлер қателігінен, кеш жасалған отадан қазір өзім жүре алмаймын",- дейді Алмас.

 

Прокуратура мен полиция департаменті журналистермен тілдесуден бас тартты. Істе кәмелет жасқа толмаған балалар бар болғандықтан, құқық қорғау органдары істің мән-жайын айта алмайды.

 

Ал Абзалдың туыстары кінәлілер қаладан кетіп үлгерді деген ойда.

 

Оған қоса, жаппай төбелесте жергілікті депутаттың туысы да бой көрсеткені жайлы ақпарат шықты.

 

 




Көрілген: 825    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2020, 13:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31