Қылмыс

"Сбербанктің" бұрынғы вице-президенті Марина Ракова Мәскеуде ұсталды

  • Фото ©РИА Новости

    Фото ©РИА Новости

Ресей "Сбербанкінің" бұрынғы вице-президенті, білім министрінің экс-орынбасары Марина Ракова Мәскеуде ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

 

"Ресей ІІМ тергеушілері Марина Раковамен тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр, ол Мәскеудегі Ресей ІІМ  мемлекеттік мекемесінде", - деді Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк.

 

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі 50 миллион рубльден астам қаржыны жымқыру ісі бойынша айыпталушы Раковаға федералды іздеу жариялаған болатын.

 

Сбербанктегі дереккөз РИА Новостиге 4 қазаннан бастап Марина Ракова олардың қызметкері емес екенін айтты. Ол еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жұмыстан шығарылған.

 

Агенттіктің хабарлауынша, Ракова 2019 жылы бұрынғы бас директор болған білім беруді дамытудың жаңа нысандары қорына (ФНФРО) бюджет қаражатын бөлу ісі бойынша күдікке ілінген.

 

Сараптама жүргізілген ғылыми зерттеулер бойынша есептердің бұрмалануын анықтады. Раковадан басқа, ФНФРО-ның сол кездегі басшылығына және Білім министрлігінің бір бөлімінің экс-басшысына тінту жүргізілді.

 




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.10.2021, 18:25

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31