Қылмыс

Щучинскідегі екі полицейдің өліміне кінәлі ер адам сотталды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Щучинскідегі екі полицейдің өліміне кінәлі ер адам 16 жылға сотталды. Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 2020 жылдың қазанында Сергей Воронцов мас күйде тәртіп сақшыларының көлігіне соғылып, екі полицей қаза тапты, кейін ол бірінші сот үкімін апелляцияға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Бұған дейін Бурабай аудандық сотының 2021 жылғы 3 наурыздағы үкімімен Сергей Воронцов көлікті ұрлап әкеткені және мас күйде екі полицейдің өмірін қиған жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін сотталған болатын.

 

Сот алқасы іс материалдарын зерттеп, Сергей Воронцовтың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен толық дәлелденді деген қорытындыға келді.

 

"Апелляциялық сот инстанциясы зардап шеккендердің пікірін, жол-көлік оқиғасы салдарының ауырлығын ескеріп, орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу мерзімін 16 жылға дейін ұлғайтты. Ол сондай-ақ, көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылды", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі өкілі.

 

Еске салайық, 2020 жылдың қазанында 25 жастағы Сергей Воронцов анасының көлігін ұрлап, мас күйде бағдаршамның қызыл шамына өтіп кетіп, екі полиция қызметкері отырған көлікке соғылды. Тәртіп сақшылары оқиға болған жерде қаза тапты, олар полиция капитаны Қанат Отарбаев және полиция капитаны Қанат Хамидуллин.

 

Тағы екі адам түрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

 

 




Көрілген: 511    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 18:09

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31