Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Семейде пәтер жалдамақ болған ер адам алаяққа алданып қалды

20 желтоқсан 2022, 12:13

Семейде пәтер жалдамақ болған ер адам алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қараша айының ортасында Семей қаласы ПБ “102” жедел арнасына 47 жастағы азамат жүгініп, 28 қыркүйек күні белгісіз адамның Семей қаласында бір айға пәтер тапсыру сылтауымен оның 200 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденіп кеткенін хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған 21 жастағы Аягөз қаласының тұрғыны болып шықты. Жауап алу барысында ер адам өз кінәсін мойындап, ақшаны қолма-қол қайтарды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.