Семейде Ресей азаматы 17 жыл Қазақстаннан зейнетақы алып келген

25 ақпан 2022, 17:01

Семейде Ресей азаматы 17 жыл бойы заңсыз зейнетақы алып келген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері заң бұзушыны Семей қаласында ұшақ билетін сатып алған кезде анықтаған.

 

76 жастағы облыс тұрғыны 2001 жылы жасағаны ҚР Заңнамасына қарама-қайшы екенін біле тұра, Қазақстан азаматтығымен қатар Ресей Федерациясының азаматтығын алған.

 

РФ азаматының паспортын алғаннан кейін ол ішкі істер органдарына Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды тапсырмай, осы жолы да Нұр-Сұлтан қаласына дейінгі әуе билетін сатып алған.

 

Оның үстіне, зейнет жасына жетіп, ол 17 жыл бойы қазақстандық зейнетақыны алып келген.

 

Қазіргі уақытта ҚР азаматының құжаттары алынып, азаматтығынан айырылғаны тіркелді.

 

Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін оны ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды уақытылы тіркеу қажет екенін азаматтарға ескертеді.