Қылмыс

Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды (видео)

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының бұрынғы және қазіргі орынбасарлары 380 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды.

 

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды sputniknews.kz тілшісі.

 

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, күдіктілер Өскемен қаласында ұсталды және сол жерде уақытша ұстау абақтысына тоғытылды. Сот біреуін 2 айға қамауды ұйғарды.


"Олар "Риддер қаласындағы олимпиадалық резерв бойынша республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледж" РМК-сы 300 орындық оқу корпусының құрылысы кезінде 380,8 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Күдіктілер нақты жұмыстар атқарылмаса да, ол ақшаны мердігердің есепшотына аударған", - деді Биғайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

 

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шараралары жүргізіліп жатыр.

 

Айта кетейік, мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы - Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев. Ол осы қызметке 2019 жылдың басында тағайындалған болатын.


ВИДЕО:   www.youtube.com/watch




Көрілген: 857    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.05.2020, 14:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31