Қылмыс

"Шалбарымды шешпе деп жатты": Алматыда зорланған үш балалы ананың інісі телефоннан 27 минут зорлаушының сөзін естіп барған

  • "Шалбарымды шешпе деп жатты": Алматыда зорланған үш балалы ананың інісі телефоннан 27 минут зорлаушының сөзін естіп барған

"Зорлады ма білмеймін, есімде жоқ! Ар-намысымды таптап кетті" деген жалғызбасты келіншек осылай дейді. Алматы тұрғыны үш баласымен не баспанасы жоқ, не ақшасы жоқ, өлместің күнін көріп жүрген екен.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Енді жығылғанға жұдырық болып, жұмыстас жігіт аяусыз соғып, тыр жалаңаш шешіндіріп тастаған. Қорлағаны рас, зорлағанын білмеймін деп отыр. 

«Кешке қызыма да бара алмадым. Үші күні тұрып қызыма бардым», - деді жәбірленуші.

Жаңа жылды Жайна қыз жайнатып қойып дастарханды, жақындарымен өткізгісі келген еді. Тілегені болмады. Бір күндік жалақысы  5 мың теңгесін алу үшін жұмысына барады. Мерекелік дастарханның үстінен дөп түсіп, арақ ішкен жігіттің біреуінен оңбай таяқ жейді.

«Омыртқам, қабырғам оң жақ, он саным көгерген, сосын денем неден екенін білмеймін, күйген деп айтады, сырылған, сосын сол жақ көкірегімнің ұшы кесілген. Қан ағып тұрған. Осы жерлерім бұл қайта кішкене неткен түрі ғой", - Жайна.

«Бір жерде, сіз-бізіміз жарасып жүрген соң ол жігіттен мұндайды күтпедім. Аға-қарындастан артық қимылымыз жоқ еді» дейді. Арақтың ақыры аяусыз тепкі, шағылған ыдыс, шытынаған көңіл. Айтпақшы, көңілсіз көріністің куәгері де бар. Жайна екі ортада, әйтіп-бүйтіп рулас інісіне қоңырау шалып үлгеріпті.

«8-51 де інім мені алып кетші, мені ұрып жатыр зорлап жатыр деп. Сонымен мен таксиге отырып асығып барып жеткенше 48 мин уақыт өтті. Мен 27 минут сөзін естіп бардым. Тиіспеші, шалбарымды шешпеші, ұрмаңызшы дейді. Бір минут екі минут тынышталып қалады, қайтадан жылаған дауыстар шығып жатады», - деді Інісі Марат Бижанов. 

Сорақысы, соққыға жығылған Жайнаны не дәрігер дұрыс емдемеген, не полиция қорғамаған. Алғашқысы ауруханаға жатқызбаса, екіншісі арызды қабылдаудың орнына керісінше, зорлық көрсеткен азаматпен келісімге келуге үгіттеген.

«Ең қорқыныштысы білесіз бе, полиция әр минуттың маңызды екенін біле тұра, қылмысты ашудың орнына Жайнаны түн жарымда нотариустарға апарып, құжаттарға қол қойдыртқан. Қылмыскермен бір бөлмеге тастап кетіп оңаша екеуара келісіңдер депті. Меніңше, мұны - тергеушінің заңға қайшы әрекеті деп бағалау керек. Әрі жемқорлыққа қарсы күрес комитетін іске қосқан жөн», - деді жәбірленушінің сенімді өкілі Дина Смаилова

Ал қалалық ішкі істер департаменті бүй дейді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 24 және 120 баптары бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Жедел тергеу тобы құрылып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар зәбір көрген азаматша сот-медициналық тексерісінен өтеді. Ескеретін жайт, арызданушы полицияға шағым түсірген күні зорлық көрсеткен азаматқа қатысты ешқандай қарсылығым жоқ деген сипатта арыз жазған болатын.

Әлгінде айттық, арызды полицейлер Жайнаның әлі есін жия қоймаған кезде жаздыртып алған. Осыны ескермесе керек. Ал зорламақ болған азамат келіншекке 150 мың теңгені 1- мамырға дейін тауып берем деп қолхат жазыпты. Жәбірленушінің сөзінше, ол уақытты созып, болмайтын ақшаның өзін бермей қашып кетпек. Мәселе ақшада емес  арда. Онсыз да еркек атаулыдан көңілі қалған оның, енді ақ халаттыға да, шен таққанға да шер айтса, мәселенің шешімі табыларына күмәні бар.

«Әрбір қазақ, өз жерінде өз тілімен сөйлемесе, әр заң өзінің несімен жауап бермесе, біз кімбіз сонда? Ақшасы жоқ біздер өле беруіміз керек пе? Далада қала беруіміз керек пе?», - інісі Жайнаның інісі Марат Бижанов. 

Бұған дейін үшбалалы ананың зорланғанын хабарлаған болатын.

 

 




Көрілген: 403    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.01.2020, 21:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29