Қылмыс

Шалқарлық жігіт үш ауылдасын көлікпен қуып жүріп атқан

  • © Misanec.ru

    © Misanec.ru

Ақтөбенің Шалқар ауданында қылмыстық іс тіркелді. Аудан тұрғыны көлікпен жүріп, үш ауылдасын атып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қылмыстық оқиға 27 шілде күні сағат 4:33-те тіркелді. Шалқар аудандық полиция бөліміне аудандық ауруханадан шақыру түскен. Сол күні аудандағы «Мерей» сауда үйінің жанынан оқ жарақатын алған үш адам ауруханаға жеткізілген.


«Ауылдың үш тұрғыны түрлі дене жарақатымен түскен. Оқ жарақатынан бір адам ауруханада көз жұмды. Жедел іздестіру кезінде 21 жастағы аудан тұрғыны ұсталып, ол кінәсін мойындады. Көлікте келе жатып, оқ атып, үшеуін жаралады. Кейін күдікті 16 калибрлі аңшы мылтығын стадион алаңына тығып тастағанын көрсетті. Қылмыстық кодекстің »Адам өлтіру« бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Полиция әзірге қылмыстың себебін атамады. Тек жаппай төбелес болмағанын растады.


Айта кетейік, Шалқар аудандық ауруханасы оқ жарақатын алған өзге жәбірленушілердің қазіргі жағдайын айтудан бас тартты.


 




Көрілген: 3057    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.07.2019, 15:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31