Қылмыс

Шаңырақты бұзып кірген: Нұр-Сұлтанда жасөспірім Арбаттағы киіз үйді тонап кетті

  • © Sputnik / Айгюзель Кадир

    © Sputnik / Айгюзель Кадир

Нұр-Сұлтан полициясы ұрлық жасады деген күдікпен 14 жастағы жасөспірімді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол Мәмбетов көшесіндегі киіз үйге кіріп, жеңсіз жейде мен ұзын кеңжейде ұрлаған. Жасөспірім таңғы сағат 05.40 шамасында шаңырақты бұзып, киіз үйге кірген.

 

Мүлік иесі 90 мың теңге сомасында шығын келгенін айтты.

 

"Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған жасөспірімді ювеналды полиция қызметкерлері ерекше бақылауға алды.

 

Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда тағылымдамадан өтіп жүрген бойжеткеннің павильон кассасынан ақша ұрлағаны анықталды.

 

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу кезінде 19 жастағы бойжеткенді ұстады. Ол гүл павильонында тағылымдаманың екінші күнінде камераның жоқ екенін пайдаланып, қылмысқа барған.

 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өз кінәсін мойындады. Оның ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

 

 

 




Көрілген: 294    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 11:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30