Қылмыс

Шашынан сүйреп, жерге құлатқан: Ақтөбедегі оқушы қыздар төбелесі бойынша қылмыстық іс жабылды

  • Шашынан сүйреп, жерге құлатқан: Ақтөбедегі оқушы қыздар төбелесі бойынша қылмыстық іс жабылды

    Шашынан сүйреп, жерге құлатқан: Ақтөбедегі оқушы қыздар төбелесі бойынша қылмыстық іс жабылды

Ақтөбе облысында болған мектеп оқушыларының төбелесі бойынша қылмыстық іс жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Қыркүйек айының соңында әлеуметтік желілерде бірнеше жасөспірім қыздар сыныптасын ұрғаны түсірілген видео пайда болды. Ролик қоғамдық резонанс тудырды. Полицияның араласуына тура келді, "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғады.

 
Енді қылмыстық іс жабылғаны белгілі болды, себебі төбелеске қатысушылар 14-15 жаста болуында.

"Қылмыстық кодекстің нормаларына сәйкес, осы бап бойынша қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Материал әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127 бабы 3 бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізуге бөлінді - ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы және шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа берілді", - деп түсіндірді Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Ақтөбеде оқушы қыздар өздерінің төбелесін видеоға түсірген. Видеода бір-бірін шашынан сүйреп, жерге құлатқан қыздардың бейнесі бар. Кейіннен балағат сөз айтып, бір-бірінің сөзін көтере алмаған соң, төбелес шығарғаны белгілі болды. Содан соң желіде тағы бір видео тарады, онда қыздар өздері соққыға жыққан сыныптасынан кешірім сұраған.




Көрілген: 320    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 10:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31