Қылмыс

Шекара қызметінің сержанты жезөкшелерге "қамқоршы" болған

  • https://pavlodar.city/

    https://pavlodar.city/

Ақтөбе гарнизонының әскери соты ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша шекара қызметі департаментінің қызметкері мен оның үш сыбайласына қатысты үкім шығарды. Ол Өзбекстаннан келген жезөкшелер притонына «қамқорлық» еткен деп хабарлайды azh.kz.

 

Аға сержант Атырау әуежайының авиациялық шекаралық бақылау бөлімінде жұмыс істеген. Былтыр қараша айында Атырауда Өзбекстан азаматшасы жезөкшелер притонын ашып, шекарашы оны өз қамқорлығына алған. Атырау базарларының бірінде зергерлік бұйымдар сататын әйел мен Өзбекстанның екі азаматшасы да притонның «құрылтайшысы» болған.

 

Жезөкшелерді Өзбекстанның түрлі қаласынан әкелген. Пандемияға байланысты Қазақстанның құрлық шекаралары жабылғанына қарамастан, қыздар шекарадан еш қиындықсыз өткен. Аға сержант оларды жеткізуге көмектесіп қана қоймай, клиенттермен туындаған проблемаларды да реттеп отырған. Бұл үшін притон қожайындары оған тұрақты түрде белгілі бір ақшалай сома төлеп отырған. Притон 2020 жылдың қарашасынан бастап, полиция анықтағанша, 2021 жылдың ақпанына дейін жұмыс істеген.

 

Ақтөбе гарнизонының әскери соты төртеуін де ҚР ҚК-нің 309-бабы («Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық») бойынша кінәлі деп таныды. ҰҚК ШҚ қызметкері 4 төрт жылға, Өзбекстан азаматшалары 3 жарым жылға, алтын бұйымдарын сатушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар сот залында қамауға алынды.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 462    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 13:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31