Шекарашылар Каспий теңізінде 100-ден астам браконьерді ұстады

30 сәуір 2022, 23:30

Мемлекет 1 миллиард теңгеден (2,2 миллион доллар) астам шығынның алдын алды деп хабарлайды Sputnik. 

Қазақстанның шекара қызметі басқа да мемлекеттік органдармен және Ресейдегі әріптестерімен бірлесіп Каспий теңізіндегі браконьерлерге қарсы жедел іс-шаралар жүргізді.

Олар 52 катердегі 109 браконьерді ұстады. Оларға жалпы сомасы 2,6 миллион теңгеге айыппұл салынды.
"Ұзындығы 300 километрден асатын браконьерлік ау тәркіленді. 575 бекіре балығы мен 4 803 частик балық, сондай-ақ 43 итбалық табиғи ортаға жіберілді", - деп жазылған Қазақстан шекара қызметінің хабарламасында.
Жолы кесілген шығын көлемі 1 миллиард теңгеден астам сомаға бағаланды.

Sputnik.