Қылмыс

"Шешіндіріп, тірідей көміп тастады": Қостанайда қыздарды секс-құлдықта ұстаған

  • "Шешіндіріп, тірідей көміп тастады": Қостанайда қыздарды секс-құлдықта ұстаған

Қостанайда жиырмадан аса қыз секс-құлдықтан зардап шеккен. Оның ішінде кәмелетке толмағандар да бар. Олардың мұндай жағдайға қалай тап болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Алау» порталына сілтеме жасап.


«Дамыту» қоғамдық қорының төрайымы Нина Косюк құлдыққа отбасылық немесе қаржылық проблемалары бар қыздар тартылғанын айтты. Немесе жас қыздарды арам пиғылдыларға олардың жігіттері сатып жіберген екен.

Жәбірленушілердің бірінің сөзінше, ол құлдыққа 20 жасында тап болыпты. Бұған дейін Қостанай облысында күйеуімен, баласымен бірге тұрған екен. Алайда күйеуі қайтыс болғаннан кейін қалаға жұмыс іздеп барған. Сол кезде бір жігіт жұмысқа орналасуға көмектесетінін айтады.


Жәбірленушінің айтуынша, жігіт оны притонға алып келгенде ғана қандай жұмыс ұсынғанын түсінген. Алайда ол жерден кете алмапты. Әйел ол жерде өздерін қорқытып, қоқан-лоққы көрсетіп, ұрып-соғып ұстағандарын айтады. Тіпті, қашып кетпек болғандарды жазалаған екен. Мұндай жағдайды өзі де бастан кешіпті.


«Олар мені ұстап алғаннан кейін орманға алып барды. Қазан айы еді. Олар мені жер қазуға мәжбүрледі. Жерді қазып болғаннан кейін, шешінуге бұйрық берді. Артынша мені сол шұңқырға жатқызып, қар аралас топырақпен көміп тастады», - дейді әйел.


Артынша әйелді жатқан жерінен қазып алған екен.


Аталған оқиғаға қатысты сот жабық тәртіпте өтіп жатыр.




Көрілген: 4399    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.09.2019, 10:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31