Шетел азаматы Алматыдағы митингіге қатысуға 90 мың теңге ұсынылғанын айтты

09 қаңтар 2022, 14:22

Қазақстанда ұсталғандардың бірі Алматыдағы митингіге қатысуға 90 мың теңге ұсынылғанын айтты. Ер адамның видеосын Qazaqstan телеарнасы көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Қаңтардың 1-інде белгісіз адамдар хабарласып, 90 мың теңгеге митингіге қатысуды ұсынды. Мен Қырғызстанда жұмыссыз жүргендіктен келістім. Олар маған билет алып берді. 2-сі күні (қаңтарда - еск.) Алматыға ұшып келдім, мені пәтерге апарды. Онда мен сияқты Тәжікстан, Өзбекстан азаматтары болды. Бірақ олар не туралы айтып жатқанын түсінбедім. Митинг басталғанда қорқып кеттім. Пәтерге қайтып келіп, сонда түнедім. Ертеңінде елге қайтпақ болғанда әскерилер мені Самсы ауылында (Жамбыл облысы - еск.) ұстады", - деді ер адам.

 

Оның айтуынша, Алматыдағы пәтерде онға жуық адам болған. Оған қоса, мемлекеттік телеарналардың бірі ұсталғандардан тәркіленген қару-жарақты көрсетті.