Қылмыс

Шетелдіктерге заңсыз жұмыс берген 32 тұрғын жауапқа тартылып жатыр

  • Шетелдіктерге заңсыз жұмыс берген 32 тұрғын жауапқа тартылып жатыр

    Шетелдіктерге заңсыз жұмыс берген 32 тұрғын жауапқа тартылып жатыр

Шетелдіктерді заңсыз түрде жұмысқа алған СҚО-ның 32 тұрғыны жауапқа тартылды, деп хабарлады Polisia.kz. 

СҚО аумағында 5 815 шетел азаматы және азаматтығы жоқ 255 адам тұрады. Адамдардың көші-қон заңнамасының кейбір ережелерін білмеулері мәселе болып отыр. Осыған байланысты көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік туыстары қонаққа келген жағдайда, үш жұмыс күні ішінде көші-қон қызметін хабардар ету қажет екенін облыс тұрғындарының естеріне салады. 

Айта кететіні, электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда, визалық-көші-қон порталы арқылы, үйден шықпай-ақ тіркеуге болады. Сонымен қатар басқа мемлекет азаматының елімізде уақытша болу мерзімі асып кетіп, оны ұзартуға немесе ҚР шығуға шаралар қабылдамаған жағдайда, келушімен бірге қабылдаушы тарап та жауапкершілікке тартылады. Алты айдың ішінде аталған нормаларды 293 солтүстікқазақстандық бұзған. 

Көші-қонмен байланысты мәселелер бойынша кеңес алу үшін біздің мамандарға жүгінуге болады,  – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов. 
Жарты жылдың ішінде біздің бұрынғы 15 отандасымыз азаматтықтарын ауыстырғандығы жөнінде уақтылы хабарламаған. Олар 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей шетелдің азаматтығын алғандығы туралы хабарлауы және қазақстандық құжаттарын ҚР ішкі істер органдарына не шетелдік мекемелерге тапсыруы қажет. Аталған норманы орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 

Қазақстан Республикасында болу ережелерін елімізге келген 219 қонақ бұзған. Елімізде болу ережелерін бірнеше рет бұзған 24 шетелдік шығарылды. Сондай-ақ шетел жұмыс күштерін заңсыз тартудың 32 фактісі анықталды. Шетелдіктер көбіне жеке тұлғалардың үйлеріне жұмысқа орналасады. Азаматтарды құжаттандыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Polisia.kz.




Көрілген: 1022    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 11:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30